Журнал туралы
Цифрлық психология және менталды денсаулық технологиялары
Жариялану жиілігі: Жылына 1 том
«Цифрлық психология және менталды денсаулық технологиялары» журналы - цифрлық мінез-құлықтың психологиялық механизмдерін, психикалық денсаулықты қорғауды және осы саладағы психометриялық шешімдерді зерттеуге арналған мамандандырылған, рецензияланатын психологиялық журнал. Журнал 2026 жылдың қаңтарында құрылған және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарапынан шығарылады.
Шығу жиілігі: жылына 4 нөмір (тоқсан сайын)
Мақсаты мен тақырыптық бағыты
Журналдың мақсаты – цифрлық ортадағы психиканың дамуы мен қызмет ету мәселелеріне арналған отандық және шетелдік зерттеулердің ғылыми идеяларын жариялау мен ілгерілетуге бағытталған жетекші халықаралық платформа қалыптастыру, сондай-ақ психологтар мен сабақтас ғылым салалары өкілдері арасындағы ғылыми диалогтың коммуникациялық кеңістігін кеңейту.
Журналдың тақырыптық бағыттары:
– Адам мен қоғам психологиясындағы жасанды интеллект
– Цифрлық ортадағы мінез-құлық
– Цифрлық даму психологиясы
– Психометрия, цифрлық диагностика және big data
– Нейропсихология және психикалық күйлерді мониторингтеу технологиялары
Рецензиялау
Барлық қолжазбалар бастапқы редакциялық іріктеуден өтеді және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен екі жақты «жасырын рецензиялау» тәртібі бойынша қаралады. Журнал бұрын жарияланбаған, әрі басқа басылымдардаға қарастыруға берілмеген, тың материалдарды қабылдайды. Қолжазбаны жариялауға қабылдау туралы шешім – ғылыми маңыздылығы, түпнұсқалығы, әдіснамалық негізділігі және журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігі критерийлері негізінде қабылданады.
Редакциялық саясат және жарияланым этикасы
Журнал академиялық адалдық және жарияланым этикасы қағидаттарын ұстанады және төмендегілер бойынша рәсімдерді қолданады:
· академиялық адалдық қағидаттарын өрескел бұзу болып табылатын – плагиат жасалынған мәтіндерді және жарияланым этикасының өзге де бұзушылықтарын анықтау;
· мүдделер қақтығысын жариялау және реттеу;
· авторлардың өтініштерін қарау (рецензиялау нәтижелері бойынша шағымдар мен апелляциялар);
· негіз болған жағдайда жарияланымдарға түзетулер енгізу және оларды кері қайтарып алу (ретракция)
Бұлар жайында толығырақ қағидалар мен ережелерді журналдың сайтындағы «Редакциялық саясат» және «Жарияланым этикасы» бөлімдерінен табуға болады.
Ашық қолжетімділік және лицензиялау
Мақалалар журнал сайтында ашық қолжетімділік режимінде жарияланып, толық мәтін түрінде қолжетімді. Материалдар журналдың тілдік саясатына сәйкес, үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
DOI және метадеректер
Әрбір жарияланған мақалаға DOI номері беріледі; тіркеу Crossref арқылы жүзеге асырылады. Бұл – жарияланымдарды тұрақты сәйкестендіруді, дұрыс дәйексөз келтіруді және ұзақ мерзімді қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Редакциялық алқа
Редакциялық алқа құрамына жарияланымдардың ғылыми сапасын және журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігін қамтамасыз ететін отандық және шетелдің жетекші ғалымдары кіреді.
Индекстеу
Индекстеу туралы ақпаратты журнал баптауларында басқаруға немесе осы бөлімге бөлек мәтін ретінде қосуға болады.
Контентті сақтау
Жарияланымдар ұзақ мерзімді цифрлық сақтауды қамтамасыз ету үшін цифрлық архивтерге орналастырылады.