мамыр 12, 2026
Хабарландыру
Журнал редакциясы авторларды келесі бағыттар бойынша ғылыми мақалаларын жариялауға шақырады:
˗ Адам және қоғам психологиясындағы жасанды интеллект
˗ Цифрлық ортадағы мінез-құлық
˗ Цифрлық дамудың психологиясы
˗ Психометрия, цифрлық диагностика және Big Data
˗ Нейропсихология және психикалық жағдайларды мониторингтеу технологиялары
Журналға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған түпнұсқа зерттеу нәтижелеріне негізделген ғылыми мақалалар, аналитикалық материалдар, ғылыми шолулар және пәнаралық ғылыми мақалалар қабылданады.
Журнал жылына 4 рет шығарылады.
Авторларды, ғылыми қызметкерлерді, оқытушыларды, докторанттарды және практик мамандарды ынтымақтастыққа және өз зерттеулерінің нәтижелерін журналда жариялауға шақырамыз.