Цифрлық логопедиялық платформаның психологиялық-педагогикалық әсерлері: сөйлеу бұзылыстары бар балалардың мотивациясына, қатысу белсенділігіне және зейін тұрақтылығына әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.2657/ndqh8q66

Түйін сөздер:

цифрлық логопедия, жасанды интеллект, сөйлеу бұзылыстары, мотивация, оқу үдерісіне қатысу белсенділігі, зейін тұрақтылығы, LogopedAI.

Аңдатпа

Түзету-дамыту жұмыстарының цифрландырылуы сөйлеу бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мүмкіндіктерін кеңейтеді, алайда цифрлық логопедиялық технологиялардың балалардың мотивациясына, оқу үдерісіне қатысу белсенділігіне және зейін тұрақтылығына әсері әлі де жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Зерттеудің мақсаты – қазақ тіліндегі сөйлеумен жұмыс істеуге арналған LogopedAI цифрлық логопедиялық платформасын қолданғаннан кейін сөйлеу бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық көрсеткіштеріндегі өзгерістерді бағалау. Зерттеуге әртүрлі сөйлеу бұзылыстары бар 3–8 жас аралығындағы 48 бала қатысты. Сегіз апта бойы балалар мамандардың бақылауымен LogopedAI платформасында логопедиялық тапсырмаларды орындады. Өзгерістерді бағалау үшін бес балдық Лайкерт шкаласы бойынша сараптамалық бағалау және платформа автоматты түрде тіркейтін цифрлық мінез-құлық көрсеткіштері қолданылды. Статистикалық талдау интервенцияға дейінгі және кейінгі көрсеткіштерді жұпталған Стьюденттің t-критерийі арқылы салыстыруды және Коэннің d әсер көлемін бағалауды қамтыды. Платформаны сегіз апта қолданғаннан кейін мотивация, оқу үдерісіне қатысу белсенділігі және зейін тұрақтылығы көрсеткіштерінің статистикалық мәнді жоғарылағаны анықталды (p < 0,001). Үздіксіз жұмыс істеудің орташа ұзақтығы 12,4 минуттан 21,7 минутқа дейін артып, өсім 75%-ды құрады, ал орындалған тапсырмалардың үлесі 92,4%-ға жетті. Ең айқын өзгерістер сабақ барысындағы белсенділікте, өзара әрекеттесу деңгейінде, тапсырмаларды аяқтауға деген ынтада және тапсырмаларды алаңдамай орындау қабілетінде байқалды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы психологиялық-педагогикалық көрсеткіштерді сараптамалық бағалау мен объективті цифрлық мінез-құлық маркерлерін біріктіру арқылы кешенді бағалауда көрінеді. Алынған нәтижелер LogopedAI платформасының сөйлеу бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың цифрлық құралы ретіндегі әлеуетін көрсетеді және оның тиімділігін бақыланатын зерттеулерде одан әрі тексеру қажеттігін негіздейді.

Жарияланды

2026-09-21

Дәйексөзді қалай келтіруге болады