Цифрлық психология және менталды денсаулық технологиялары

Қолжазба жіберу

Алгоритмдік қоғам жағдайындағы психологияның жаңа зерттеу парадигмасы ретінде цифрлық субъектілік

Авторлар

  • А. Нурмаханбетов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml Автор

DOI:

https://doi.org/10.26577/DPMHT1120264

Кілт сөздер:

цифрлық субъектілік, цифрлық орта, алгоритмдік қоғам, цифрлық мінез-құлық, жасанды интеллект, өзін-өзі реттеу, тұлғалық бірегейлік, цифрлық әл-ауқат

Аңдатпа

Мақала қазіргі психологиядағы интегративті категория ретінде цифрлық субъектілікті теориялық тұрғыдан негіздеуге арналған. Зерттеудің бастапқы алғышарты ретінде цифрлық ортаның ақпаратты жеткізудің сыртқы арнасы болудан қалып, тұлғаның зейінін, таңдауын, коммуникациясын, өзін-өзі танытуын және өзін-өзі айқындауын реттеуге қатысатын белсенді социотехникалық инфрақұрылымға айналғаны туралы тұжырым қарастырылады. Мақалада цифрлық мінез-құлыққа қатысты зерттеулердің елеулі бөлігі әлі де алгоритмдер кеңінен таралмаған кезеңде қалыптасқан теориялық модельдерге сүйенетіні көрсетіледі. Соның нәтижесінде цифрлық тәжірибе көбінесе үзік-үзік сипатталып, не жеке когнитивтік процестерге, не сыртқы медиа әсеріне дейін редукцияланып түсіндіріледі. Осы әдіснамалық алшақтықты еңсеру мақсатында тұлғаның алгоритмдік ұйымдастырылған орта жағдайында өз әрекеттерінің авторлығын, рефлексивті бақылауын және құндылықтық автономиясын сақтай алу қабілеті ретінде түсіндірілетін цифрлық субъектілік тұжырымдамасы ұсынылады. Зерттеу барысында цифрлық субъектіліктің көпдеңгейлі моделі әзірленді. Ол нейропсихофизиологиялық, дара-психологиялық, тұлғалық-субъектілік, әлеуметтік-интеракциялық және социомәдени деңгейлерді қамтиды. Мұндай модель цифрлық мінез-құлықты тұлғаның психологиялық механизмдері мен цифрлық платформалардың алгоритмдік архитектурасының өзара ықпалының нәтижесі ретінде қарастыруға мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Қорытындысында цифрлық субъектілік ұғымы цифрлық дәуір психологиясының зерттеулерін біріктіретін өнімді теориялық негіз бола алатыны тұжырымдалады.

 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • А. Нурмаханбетов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    (корреспондент-автор)  – психология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Казахстан, e-mail: fhtrt@mail.ru)

Жарияланды

2026-03-20