Цифрлық психология және менталды денсаулық технологиялары

Қолжазба жіберу

Қазақстан жоғары оқу орындары студенттерінің гибридті оқыту жағдайында цифрлық эмпатиясын дамыту бағдарламасын әзірлеу және апробациялау

Авторлар

  • K. Ахметов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml Автор
  • З. Мадалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml Автор

DOI:

https://doi.org/10.26577/DPMHT1120263

Кілт сөздер:

цифрлық эмпатия, эмпатияны дамыту, гибридті оқыту, жоғары оқу орындары студенттері, цифрлық әдістер, цифрлық әңгімелеу, эмоционалдық интеллект, Қазақстан

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан жоғары оқу орындары студенттерінің гибридті оқыту жағдайында цифрлық эмпатиясын дамыту бағдарламасының әзірленуі және апробациясы ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі «Digital Kazakhstan» бағдарламасы аясында білім берудің қарқынды цифрландырылуы кезінде онлайн-коммуникациядағы эмпатия тапшылығын жою қажеттілігімен айқындалады. Мақсаты – цифрлық эмпатия деңгейін арттыруға бағытталған бағдарламаны әзірлеу және оның тиімділігін эксперименталды түрде тексеру. Теориялық негізі цифрлық эмпатия тұжырымдамаларын (García-Pérez et al., 2016; Friesem, 2016) және оны цифрлық құралдар арқылы қалыптастыру әдістерін (Chen, 2018; Sljivic et al., 2021; Sun & Li, 2024) қамтиды. Бағдарлама digital storytelling, бейне өндіру және онлайн рөлдік симуляцияларға негізделген модульдерден тұрады. Апробация Қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің үлгісінде (эксперименттік және бақылау топтары) жүргізілді. Нәтижелер эксперименттік топта цифрлық эмпатия деңгейінің статистикалық маңызды өсуін, сондай-ақ жалпы эмоционалдық интеллектке және гибридті оқытуға бейімделуге оң әсерін көрсетті. Алынған деректер әзірленген бағдарламаны Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының білім беру практикасына енгізуді ұсынуға мүмкіндік береді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • K. Ахметов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    (корреспондент-автор) – 8D03107–Психология білім беру бағдарламасының докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: kazybek-bey@mail.ru)

  • З. Мадалиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    психология ғылымдарының  докторы, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: madalievaz.b@bk.ru)

Жарияланды

2026-03-20