Цифрлық психология және менталды денсаулық технологиялары

Қолжазба жіберу

«Алыптардың иығында тұрып»: дінтануда жасанды интеллектті қолданудың теориялық негіздері

Авторлар

  • Р. Сәрсебаева КазНУ имени аль-Фараби Автор
  • Б. Мейрбаев Автор

DOI:

https://doi.org/10.26577/DPMHT1120265

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, дін, дінтану, цифрлық технологиялар, цифрлық гуманитарлық ғылымдар

Аңдатпа

Дін мен жасанды интеллекттің (ЖИ) өзара әрекеттестігі цифрлық трансформация дәуірінде барған сайын өзекті тақырыпқа айналуда. Заманауи технологиялар діни дәстүрлерді зерттеу тәсілдерін ғана емес, сонымен қатар діни тәжірибелерді, қасиетті мәтіндерді интерпретациялауды және тіпті руханилыққа деген көзқарасты өзгертуде. ЖИ қазірдің өзінде дінтану зерттеулерінде қолданылады: діни мәтіндерді талдау, сенім үрдістерін болжау және теологиялық пікірталастарды модельдеу үшін. Бұл мақала заманауи жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын діни ғылым саласына енгізу әлеуетін зерттейді. Онда ЖИ-дің дамуының тарихи және концептуалды негіздері талданады, сондай-ақ оны гуманитарлық ғылымдарда қолдану стратегиялары қарастырылады. Негізгі назар ЖИ-ді діни мәтіндердің үлкен көлемін өңдеу, заңдылықтарды анықтау, символиканы талдау және қасиетті жазбаларды түсіндіру үшін пайдалануға мүмкіндік беретін теориялық негіздерге аударылады. Мақалада сондай-ақ ЖИ-ді дінтануда қолданудың методологиялық және этикалық аспектілері қарастырылады: интерпретацияның дәлдігі, талдау процесін автоматтандыру мүмкіндіктері және жаңа технологиялардың дәстүрлі дінтану тәсілдеріне әсері. Жүргізілген талдау ЖИ-ді қолдану діни феномендерді ғылыми тұрғыдан түсінудің мүмкіндіктерін кеңейтетінін көрсетеді, алайда оның методологиялық шектеулерін мұқият ескеру және мәдени-рухани мұраға деген құрметті сақтау қажет екендігі қорытындыланады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Авторлардың өмірбаяны

  • Р. Сәрсебаева, КазНУ имени аль-Фараби

    (корреспондент-автор) – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: rauanasars@gmail.com )

  • Б. Мейрбаев

    филос.ғ.д., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті (Алматы, Қазақстан, e-mail: bekzhan@kaznu.kz)

Әдебиеттер тізімі

Жарияланды

2026-03-20