Цифрлық психология және менталды денсаулық технологиялары

Қолжазба жіберу

Білім беруді цифрландырудың психологиялық сын-қатерлері мен болашақ мүмкіндіктері: аналитикалық шолу

Авторлар

  • Р. Алимбаева Карагандинский национальный исследовательский университет имени академика Е.А.Букетова Автор
  • А. Альгожина Автор
  • Р. Садыканова Автор
  • Г. Капашева Автор
  • Е. Лазарева Автор

DOI:

https://doi.org/10.26577/DPMHT1120262

Кілт сөздер:

білім беруді цифрландыру, когнитивтік трансформация, психологиялық сын-қатерлер, сәйкестілік, психологиялық қауіпсіздік

Аңдатпа

Білім берудің цифрлық трансформациясы білім беру ортасы субъектілерінің когнитивтік, эмоционалды, коммуникативтік және тұлғалық процестеріндегі терең өзгерістермен қатар жүреді, бұл жүйелі психологиялық талдауды талап етеді. Зерттеудің мақсаты – білім беруді цифрландырудың психологиялық әсерлері жөніндегі заманауи отандық және шетелдік зерттеулерді жүйелеу және психологиялық сын-қатерлердің интегративті моделін әзірлеу. Жұмыс жүйелі шолу форматында орындалды. 2010–2024 жылдар аралығындағы Scopus, Web of Science, eLibrary және Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханасында индекстелген жарияланымдар талданды. Іріктеу критерийлері ретінде білім беруді цифрландырудың психологиялық аспектілеріне арналған эмпирикалық және теориялық зерттеулер алынды.

Жүргізілген талдау шашыраңқы эмпирикалық және теориялық деректерді жүйелеуге және оларды білім беруді цифрландырудың психологиялық сын-қатерлерінің тұтас моделі түрінде ұсынуға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер білім беру үдерісі субъектілерінің психикалық қызметінің негізгі салаларын бейнелейтін және цифрлық ортаның ықпалын кешенді тұрғыда қарастыруға мүмкіндік беретін төрт негізгі домен бойынша құрылымдалды. Цифрлық әсерлердің амбивалентті сипаты негізделді. Анықталған домендердің жүйелі өзара әрекеттесуін көрсететін интегративтік модель әзірленді. Жұмыстың теориялық маңыздылығы шашыраңқы эмпирикалық деректерді бірыңғай аналитикалық модельге біріктірумен айқындалады. Практикалық маңыздылығы нәтижелерді Қазақстанның білім беру жүйесіндегі цифрлық реформаларды психологиялық сүйемелдеу бағдарламаларын әзірлеуде қолдану мүмкіндігімен анықталады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Авторлардың өмірбаяны

  • Р. Алимбаева, Карагандинский национальный исследовательский университет имени академика Е.А.Букетова

    (корреспондент-автор) – психология ғылымдарының кандидаты, психология кафедрасының профессоры, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Қарағанды, Қазақстан, e-mail: alimbaeva_21@mail.ru)

  • А. Альгожина

    PhD, психология кафедрасының қауымдастырылған профессор ассистенті, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Қарағанды, Қазақстан, e-mail: anara.algozhina@gmail.com)

  • Р. Садыканова

    «Білім беру психологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша психология кафедрасының докторанты, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Қарағанды, Қазақстан, e-mail: raushan_rosh@mail.ru)

  • Г. Капашева

    психология кафедрасының аға оқытушысы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Қарағанды, Қазақстан, e-mail: gauharkap@mail.ru)

  • Е. Лазарева

    психология кафедрасының аға оқытушысы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Қарағанды, Қазақстан, e-mail: gauharkap@mail.ru)

Әдебиеттер тізімі

Жарияланды

2026-06-10